NAIZA 40 турнирінің тікелей трансляциясы
Қазақстандық көшбасы Naiza ММА лигасының 40 турнирі 11 маусымда Алматы қаласында өтеді.
Naiza 40 турнирінде 30 спортшының қатысуымен 15 жекпе-жек өтеді. Кештің негізгі шайқасы 93 килограмм салмақ дәрежесінде Naiza белбеуі үшін Нұрғали Нұрғайыпұлы (2:0) мен Олжас Абзалиев (1:0) тартысады.
Кештің көптен күткен тағы бір кездесуі 52 килограмм салмақта әйелдер арасында тұңғыш рет чемпиондык титул үшін ресейлік Валерия Карыгина (4:6:1) мен Дильшода Умарова (1:0) таласады.
Сонымен қатар, кештің жарқын жекпе-жектерінің бірі Фаниль Рафиков (20-5) пен Фарходжон Машрапов (4:2) арасында арасында өтеді.
Naiza 40 турнирінің тікелей трансляциясы жергілікті уақытпен 17:00-де басталады.
<iframe width="640" height="359" src="https://www.youtube.com/embed/qrhyZ9fRP-s" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>