Жеңілмеген қазақстандық файтер UFC-мен келісімшартқа отырады
Қазақстандық файтер Азат Мақсұм мансабын әлемнің ең үздік промоушені саналатын UFC-де жалғастырады, деп жазады Prosports.kz сайты.
Алматыда өткен OCTAGON 31 турнирінің негізгі жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесінде Азат Мақсұм (14-0) бразилиялық Алан Габриэльді (11-6) төрешілер шешімімен жеңді.
OCTAGON ұйымының жетекшісі Нұраддин Садықов жеңіске жеткен Азат Мақсұм келесі жекпе-жегін UFC лигасында өткізетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, «Қазақ» мансабында 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Жақында UFC-дегі қазақстандық файтерлердің менеджері Саят Әбдірахманов жұмыс істейтін Rubyse компаниясымен келісімшарт жасасқан еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или