«Барыста» бас бапкер ауысуы мүмкін

«Барыста» бас бапкер ауысуы мүмкін

«СЭ» мәліметінше, Андрей Скабелка «Барыстың» жаңа бас бапкері болып, бұл қызметте Юрий Михайлисті алмастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін беларусь маманы қазақстандық клубта 2018-2020 жылдары жұмыс істеген, соңғы жұмыс орны «Локомотив» болды.

Скабелка Ярославль клубынан осы маусым қорытындысы бойынша қызметтен кетті.

«Локомотив» Батыс конференциясының 1/4 финалында ЦСКА-дан 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Михайлис «Барысты» 2020 жылдан бері баптап келеді, сонымен қатар ол Қазақстан құрамасының бас бапкері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или