Қазақстандық екі бірдей файтер UFC-дің бір турнирінде жекпе-жек өткізеді
Әлемдегі ең атақты UFC промоушені Сергей Морозовтың жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Морозовтың келесі қарсыласы бразилиялық Раулиан Пэйва болады. Ол таяуда қазақстандық Жалғас Жұмағұловты жеңген.
Морозов пен Пэйва 26 маусымға жоспарланған UFC Vegas 57 турнирі аясында кім мықтыны анықтайды. Дәл осы турнирде қазақстандық Шавкат Рахмонов (15-0) пен Нил Мэгни (26-8) жекпе-жек өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или