Қазбек Сағын: Үш емес, он раундқа дайынмын

Қазбек Сағын: Үш емес, он раундқа дайынмын

Қазақстандық файтер Қазбек Сағын 5Q Media басылымына берген сұхбатында Naiza 40 турнирі аясында өтетін Армения спортшысы Варшам Геворгянға қарсы жекпе-жек туралы пікірін білдірді.

- Қарсыласымның бұрынғы жекпе-жектерін қарап шықтық. Бапкеріммен жоспар құрдық. Жекпе-жекке тактика жасап, қалай жұдырықтасатынымды ақылдастық. Бұған дейін екі жекпе-жегімді уақытынан бұрын аяқтаған едім. Бұл жолы үш раундқа созсақ деген жоспар бар. Айқаста бар өнерімді салып, үш раунд жұдырықтасып көрмекпін.

Варшамның күресі мықты. Физикалық тұрғыдан шымыр. Бірақ мұның бәрін жекпе-жекте көре жатармыз. Ал өз басым, бар өнерімді паш етуді жоспарлап отырмын. 100% емес, 200%-ға дайынмын.

- Үш раунд өткізсем дейсіз. Оған физикалық тұрғындан дайынсыз ба?

- Үш емес, он раундқа дайынмын. Жекпе-жекке жақсы дайындалдым. Нағыз бабыма келіп тұрмын. 

- Дайындығыңызды қалай өткізіп жатсыз? Шетелде, әлде елде? Бокс, күрес сияқты ММА-дің қай аспектісіне көбірек көңіл бөліп жатырсыз?

- Оқу-жаттығу жиыны 3 кезеңнен тұрды. Басында физикалық тұрғыдан дайындалдым, функционал жағынан жаттықтым. Бір жиынды Алматының тауында өткіздік. Жаттығу жиынында ММА-дің барлық аспектісін дайындадым деп айта аламын. Біреуін бөліп-жарып жаттықтым демеймін. Толыққанды дайындық жұмысы өтті. Ең бастысы, жекпе-жекке дейін жарақат алмасам деген ниет бар. Спортшы үшін жарақат өте қауіпті ғой.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или