Мұхаммед Әлидің немересі жеңіліс тапты

Мұхаммед Әлидің немересі жеңіліс тапты

Жекпе-жек Монтанадағы (АҚШ) Fusion Fight League әуесқой турнирі аясында өтті. Бьяджо Али Уолш ММА дебютанты Девин Ротвелден жеңіліп қалды – қарсыласы тұншығу тәсілін қолданғаннан кейін ол екінші раундта берілді.

Бұрын 23 жастағы Али Уолш студенттік командада футбол ойнаған. Оның ағасы Нико Уолш – орта салмақтағы кәсіпқой боксшы. 21 жастағы спортшы бес жекпе-жекте бәрінде (төртеуі нокаутпен) жеңіске жеткен.

Мұхаммед Әли – тарихтағы ең атақты кәсіпқой боксшылардың бірі. 1960 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы (1964-1966, 1974-1978), "Жыл боксшысы" және "Онжылдық боксшысы" атағының бес дүркін иегері. Америкалық боксшы мансабында 61 жекпе-жек өткізіп, 56 жеңіске жеткен (оның 37-сі нокаутпен). Мұхаммед Әли 2016 жылы 74 жасында дүниеден өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или