Тимур Жапаров: Қарсыласымды еш зерттемей жеңдім

Тимур Жапаров: Қарсыласымды еш зерттемей жеңдім

Түркістанда өткен аралас жекпе-жектен Alash Pride FC 74 турнирінде Тимур Жапаров жеңіл салмақта чемпиондық титулды жеңіп алды.

Қайсар жауынгер белбеу бәске тігілген айқаста тәжік Интизор Фармонбоевпен қолғап түйістірді. Төртінші раундта Тимур Жапаровқа төтеп бере алмаған тәжік спортшының командасы октагонға ақ орамалын лақтырып, жеңілісті ерте мойындады.

Жекпе-жектен соң Prosports.kz тілшісі су жаңа чемпионмен тілдесіп, жекпе-жек туралы сұрады.

- Тимур, жеңісіңіз құтты болсын! Жекпе-жектен қандай әсер алдыңыз?

- Жекпе-жек менің жұмысым секілді. Күні-түні осы жекпе-жекпен өмір сүреміз. Кейінгі он айда жеті мәрте октагонға шықтым. Жекпе-жек өткізу әдетке айналып кетті. Қанымда бар, жанымда бар. Батырмыз! Құдайға шүкір! Бәрі жақсы. Енді ары қарай жұмыс жасаймыз!

- Жекпе-жекке дайындық қалай өтті?

- Дайындығымды Tobet Top Team командасының сапында өткіздім. Диас Қабдолов жаттықтырды. Клубта толыққанды оқу-жаттығу циклін өттім. Командам көп көмекесті.

- Қарсыласыңыз жайлы бұрыннан білетін бе едіңіз? Қаншалықты зерттеп үлгердіңіз?

- Жоқ, мүлдем зерттеген жоқпын. Ештеңе қарамадым. Шықтым. Төбелестім. Болды. Негізінде қарсыластарымды аса зерттей бермеймін.

- Alash Pride чемпионы атандыңыз. Ендігі мақсат, жоспар қандай?

- Өзімнің жоспарым бойынша жұмыс жасап келемін. Алда үлкен мақсат пен жоспар бар. Оның бәрін айтса, орындалмай қалады дейді ғой. Сондықтан жоспарым жасырын болсын.

- Alash Pridе-пен келісімшартыңыз бар. Басқа лигалардан ұсыныс келіп жатыр ма?

- Жоқ, Аlash Pridе-пен келісімшартым жоқ. Жалпы, ұсыныс көп түсіп жатыр. Былтыр Гран-приге қатысқан кейін соңына дейін жеткізуді дұрыс деп шештім.

- Әуесқой ММА-да көп халықаралық жарыстарда жүлдегер болдыңыз. Кәсіпқой ММА-ге ауысу қиын болмады ма?

- Әрине, әр нәрсенің өз қиындығы. Әуесқойдағы база нашар болса, кәсіпқойда дұрыс жұдырықтаса алмайсың. Сондықтан әуесқой ММА-де толық база қалыптастырған соң келіп отырмын.

- Жанкүйерлерге қызық сұрақ, лақап атыңыз қайдан шыққан?

- «Генерал штаба» - марқұм атамның лақап аты. Сол кісінің құрметіне осы есімді алдым.

UFС-ді 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН КӨРІҢІЗ!

UFCFIGHTPASS.COM сайтында PROSPORTS промо-кодын қосыңыз және UFC 274 ойынын тікелей эфирде көріңіз.

Промокод UFC FIGHT PASS-қа бір ЖЫЛ немесе АЙ жазылу үшін жарамды! Промокодтардың саны шектеулі! UFC турнирлерін тікелей немесе жазбаша қосуға және көруге асығыңыз!

Ұсыныс ТМД елдері үшін жарамды: Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Молдова, Қырғызстан, Түркіменстан.

Қалай қосуға болады:
- Веб-сайтқа кіріңіз
- тіркеліңіз немесе бар аккаунтқа кіріңіз
- тарифтік жоспарды таңдаңыз
- ай сайын немесе Жыл сайын
- төлем әдісін таңдап, промо-код жолын басыңыз
- промо-кодты енгізіп, қолдану түймесін басыңыз

UFС-ді 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН КӨРІҢІЗ!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или