Тимур Жапаров жеңіл салмақта Alash Pride FC чемпионы атанды
Түркістанда аралас жекпе-жектен Alash Pride FC 74 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты кездесуінде жеңіл салмақ дәрежесінде бос тұрған титулды қазақстандық Тимур Жапаров пен тәжікстандық Интизор Фармонбоев сарапқа салды.
Жекпе-жек төртінші раундта аяқталды. Төртінші раундта тәжікстандық 28 жастағы нұр-сұлтандық файтердің шабуылына төтеп бере алмағанын көріп, Фармонбоевтың бұрышы ерте жеңілгенін мойындап, орамалын лақтырып жіберді.
Осылайша Тимур Жапаров жеңіл салмақтағы Alash Pride FC чемпионы атанды.
Төменде назарларыңызға Alash Pride ФК лигасының 74-ші турнирінің толық видеосын ұсынамыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или