Командалық

Қазақстан қыздар құрамасын сербиялық маман жаттықтырады

Қазақстан қыздар құрамасын сербиялық маман жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

Волейболдан Қазақстан қыздар құрамасын сербиялық маман Дарко Добресков жаттықтырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Добресков қызметіне құрамасының 15 маусымда Петропавлда басталатын алғашқы оқу-жаттығу жиыны алдында кіріседі. Сербиялық бапкермен келісімшарт 2023 жылы қазан айының соңына дейін жасалған.

Добресковтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы үш халықаралық турнирге – FIVB Challenge Cup (27-31 шілдеде Задар, Хорватия), Азия кубогы (21-28 тамыз, Манила, Филиппин) және әлем чемпионатына ( 23 қыркүйектен басталады, Нидерланды мен Польшада) қатысады. Сондай-ақ, серб бапкерімен бірге волейболшыларымыз 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарының іріктеуіне дайындалады.

Айта кетейік, Дарко Добресков жаттықтыратын «Қуаныш» биыл клубтар арасындағы Азия чемпионатында жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер