OCTAGON 31 турнирінде Азат Мақсұм басты жекпе-жекте төбелеседі
Қазақстандық файтер Азат Мақсұм (14-0) келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 жастағы спортшы алдағы Алматыда өтетін OCTAGON 31 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді. 10 маусымда Мақсұм Бразилиядан келген тәжірибелі боксшы Алан Габриэльмен (11-6) кездеседі. Жекпе-жек жеңіл салмақта (56,7 келі) өтеді.
Азат Мақсұм соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, бірінші раундта қырғызстандық Азамат Қарабековті ұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или