Жұмағұлов UFC аясындағы бесінші жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Жұмағұлов UFC аясындағы бесінші жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

UFC турнирінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов өзінің Instagram парақшасында америкалық промоушендегі келесі жекпе-жекке дайындықтың егжей-тегжейлері туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ассаламу алейкум! Соңғы жаттығуда жүрмін. Дүйсенбіде жекпе-жекке Вегасқа ұшамыз, Әлхамдулиллаһ, форма жақсы. Мен жеңіспен қуантамын. Мүлде басқаша ораламын. Барлығын бауырдай құшақтадым, бәрі жақсы», - деді қазақстандық әлеуметтік желідегі парақшасындағы сторис бөлімінде.

Еске сала кетейік, 4 маусымда Жұмағұлов UFC аясындағы бесінші жекпе-жегін Лас-Вегаста (Невада) UFC Fight Night 207 турнирінде америкалық Джефф Молинаға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или