Зеленский 2018 жылғы әлем чемпионатында Путинмен түскен суреті үшін МакГрегорды сынға алды

Зеленский 2018 жылғы әлем чемпионатында Путинмен түскен суреті үшін МакГрегорды сынға алды

Владимир Зеленский Конор МакГрегорды Владимир Путинмен түскен суреті үшін сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Конор Ресей президентімен төрт жыл бұрын – 2018 жылы Мәскеуде өткен футболдан әлем чемпионатының финалында кездескен. Ирландиялық азамат Путинмен бірге түскен суретін жариялап, былай деп жазды:

«Бұл адам біздің заманымыздың ең ұлы көшбасшыларының бірі және мен үшін онымен бірге осындай маңызды шараға қатысу үлкен мәртебе болды».

Сондай-ақ спортшы оған өзінің Proper 12 вискиінің алғашқы бөтелкесін сыйлағанын айтты.

Украина президенті Киевте ирландиялық жоғары лауазымды саясаткерлермен кездесу барысында файтер туралы пікірін білдірді, деп хабарлады Independent.ie.

Зеленский жақында Киевтегі метро станциясының бірінде концерт берген U2 тобының жетекшісі Бономен кездесуі туралы айтты. Украина президенті Боно туралы ынтамен айтты, ал МакГрегорды сынады. Сонымен бірге ол Путинмен түскен суретке дейін Конорға жанкүйер болғанын айтты.

«Ол [Макгрегор] Украинаны қолдамайтынын сезді», – деді Ирландия Парламенті Сенатының төрағасы Марк Дэйли.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или