«Сарыарқа» Беларусь жастар құрамасының бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа отырғанын хабарлады

«Сарыарқа» Беларусь жастар құрамасының бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа отырғанын хабарлады

«Сарыарқа» қорғаушы Арсений Борисовпен келісімшартқа отырғанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сарыарқаның биылғы маусым аралықтағы бірінші жаңа ойыншысы – Арсений Борисов. 24 жастағы қорғаушы 2021/22 маусымды «Арланда» өткізді. Тұрақты маусымда 34 ойында 12 ұпай жинады. Оның еншісінде 2 гол және 10 нәтижелі пас бар. Пайдалылық коэффициенті +21. Плей-офф кезеңінде 15 матчта ол +10 пайдалылық коэффициентімен 6 (1+5) ұпай жинады.

Өз мансабында барлығы 459 ойын өткізіп, 181 (53 + 128) ұпай жинады. «Сарыарқа» сапында қорғаушы 81 нөмірлі жейде киеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или