«Ешқандай қысым жоқ». Жұмағұлов – Морозовпен спарринг және Молинамен жекпе-жек алдындағы күтпеген мәселелер туралы

«Ешқандай қысым жоқ». Жұмағұлов – Морозовпен спарринг және Молинамен жекпе-жек алдындағы күтпеген мәселелер туралы

4 маусымда аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-6) Лас-Вегастағы UFC турнирінде промоушендегі бесінші жекпе-жегінде америкалық Джефф Молинамен (10-2) кездеседі.

Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында «Жако» UFC-дегі ең маңызды жекпе-жегіне дайындығы, спарринг серіктестерімен проблемалары және қарсыласының мықты жақтары туралы айтып берді.

- Дайындық өте жақсы, бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр, мен өзімді тамаша сезінемін және қазіргі уақытта бабымдамын.

- Спаррингтар туралы не айта аласыз?

- Спарринг-серіктестермен біраз қиындықтар бар, өйткені менімен ешкім спаринг жасағысы келмейді. Осы уақыт ішінде бірнеше серіктес өзгерді, қазір маған Сергей Морозов көмектесіп жатыр.

- Сіздің қарсыласыңыз Джефф Молина болады, сіз онымен Ривераны жеңгеннен кейін жекпе-жек өткізуге ниетті екеніңізді алғаш айтқан едінің. Неліктен сол сәтте оны жекпе-жекке шақырдыңыз?

- Неліктен оны шақырдым? Негізінде ол мен үшін ыңғайлы қарсылас.

- Сіздің ойыңызша, америкалық файтердің ең мықты тұсы неде?

– Оның мықты тұсы төзімділік деп айтуға болады.

– Сіздің ойыңызша, Молинадан қандай басымдығыңыз бар?

– Тәжірибеде басымдығым бар. Сапалы өнер көрсетіп, жеңу керек. Қандай жағдай болмасын, бәрі де Жаратқанның қалауымен. Октагонға шығып, бар күшімді саламын, болар нәрсе болады. Мен шығып, 100 пайыз барымды саламын.

Сіздің америкалық промоушендегі тағдырыңыз алдағы жекпе-жектің нәтижесіне байланысты болады. Қысым октагонда барлық мүмкіндігіңізді көрсетуге кедергі бола ма?

– Ешқандай қысым жоқ, сондықтан бұл тұрғыда бәрі жақсы. Мен қалпыма келіп, барлық қажетсіз ойдан арылдым. Енді мен бұл жекпе-жекте одан да жақсы өнер көрсетуге дайынмын.

– Жекпе-жек алдында жанкүйерлеріңізге және сізді шын жүректен қолдайтын адамдарға не айтар едіңіз?

– Мен үшін алаңдаған барлық жанкүйерге үлкен рақмет айтқым келеді, мен өте қуаныштымын және сіздердің қолдауларыңызды бағалаймын. Мен өз елім, халқым үшін күресіп жүргенімді үнемі баса айтамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или