Қарағандылық Архат Файзоллаұлы нағыз шынайы айқас чемпионы атанды
6-8 мамыр күндері Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жекпе-жектің «Нағыз Шынайы Айқас» түрінен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлем біріншілігінде қарағандылық Архат Файзоллаұлы 65 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды.
24 жастағы қарағандылық жерлесіміз - жекпе-жектің осы түрінен Қазақстанның спорт шебері.
Айта кетейік, Чемпионатқа әлемнің 12 елінен келген спортшылар бақ сынасты.
Қазақстан ұлттық құрамасының атынан арнайы іріктеуден өткен 33 спортшы қатысқан болатын.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 7 күміс, 15 қола медаль.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или