Қазақстан құрамасы Латвиямен екінші матч өткізеді

Қазақстан құрамасы Латвиямен екінші матч өткізеді

Бүгін Қазақстан құрамасы Финляндияда хоккейден 2022 жылғы Әлем чемпионатына дайындық аясында Латвия командасымен екінші жолдастық матч өткізеді.

Латвия-Қазақстан ойынының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:30-да басталады. Латвия мен Қазақстан құрамалары арасындағы бірінші жолдастық матч 8 мамырда өткен болатын.

Бұл матч 0:5 есебімен қазақстандықтардың жеңілісімен аяқталған еді. Латвиялықтардан Николай Елисеев (11 және 15-минутта), Карлис Чуксте (13-минутта), Оскарс Батня (26-минутта) және Андрис Джериньш (60-минутта) шайба соқты.

13-29 мамыр аралығында Хельсинки мен Тампереде (Финляндия) хоккейден ӘЧ-22 өтеді.

Қазақстан құрамасы А тобында Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Франция және Италия командаларымен ойнайды. Ел құрамасы турнирдегі өзінің алғашқы матчын 14 мамыр күні Дания құрамасымен өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или