Қазақстан хоккейшілерінің Азия ойындары іріктеуіндегі ойын кестесі анықталды

Қазақстан хоккейшілерінің Азия ойындары іріктеуіндегі ойын кестесі анықталды

Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу кезеңіндегі ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған турнир Таиланд астанасы Бангкок қаласында 6-15 мамыр аралығында өткізіледі.

Ұлттық құрама А тобында Оман, Таиланд, Гонконг және Өзбекстанмен шеберлік байқасады.

Қазақстандық хоккейшілер бүгін, 6 мамырда Таиланд құрамасымен шеберлік байқасады.

Одан кейін 7 мамырда Оманмен кездессе, 9 мамырда Өзбекстанмен ойнайды.

Ал 10 мамырда Гонконг құрамасымен кездеседі. В тобында Бангладеш, Шри-Ланка, Индонезия және Сингапур құрамалары ойнайды.

Азия ойындарына алты құрама жолдама алады.

Қазақстандық хоккейшілер аталған доданың финалдық кезеңінде екі мәрте бақ сынады. 1994 жылы 6-орын алса, 2018 жылы 11-орынды місе тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или