Челябі облысында жергілікті клубтың жас хоккейшісін атып кетті
Челябі облысының Бреды ауылында жергілікті «Колос» клубының 26 жастағы хоккейшісі Николай Шаров қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қылмыс 2 мамырға қараған түні «Перекресток» барында болған.
РФ Тергеу комитетінің облыс бойынша тергеу басқармасы бастығының аға көмекшісі Владимир Шишков 74.RU басылымына күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
— Ішімдік ішу барысында бір-бірін білетін жергілікті екі тұрғын жанжалдасып қалған. Осыдан кейін олардың бірі үйіне барып, аңшы мылтығын алып келіп, жәбірленушіге оқ жаудырған. Күдікті қамауға алынып, Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Владимир Шишков.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или