«Барыс» ойыншылары желтоқсаннан бері жалақы алмаған
Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай, қазақстандық «Барыс» хоккей клубының ойыншылары желтоқсаннан бері жалақысын ала алмай жүр.
Легионерлер наразылық білдіре бастаған. Кей хоккейшіден жалға алып отырған пәтерінің қожайындары үйді босатуды сұраған.
Еске салайық, бұған дейін клуб ойыншылардың, жаттықтырушылар құрамының және команда қызметкерлерінің жалақысының кешігуі кәсіпқой клубтар жүйесінде (бұрын «Астана» ПСК басшылығында болған) жүргізіліп жатқан оңтайландыру жұмыстарымен байланысты екенін хабарлаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или