Клубтар арасындағы Азия чемпионаты: «Қуаныш» таиландтық команданы жеңді
Бүгін Семей қаласында волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионатының екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық «Қуаныш» командасы Таиландтың «Diamond Foods-Fine Chef Sport Club» командасын 3:1 (22:25, 25:13, 29:27, 31:29) есебімен жеңді.
Айта кетейік, кеше «Қуаныш» өскемендік «Алтайдан» 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.
«Қуаныш» ертең қырғызстандық командамен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или