Семейде волейболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты басталады
<span>Бүгін Семей қаласында волейболдан әйелдер арасында клубтық Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. </span>
<span>ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, турнирдің ұйымдастырылуына Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Алтай» волейбол клубы мұрындық болып отыр. </span>
<span>«Сайыс Қарағайлы шағын ауданындағы «Арена» мәдени-спорт кешенінде өтеді. Оған әйелдер арасындағы волейболдан сары құрлықтың ең үздік 6 командасы қатыспақ. Чемпионат аясында Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан және Иран елдерінің командалары бақ сынайды. Ел намысын шығысқазақстандық «Алтай» және Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш» клубтары қорғайды», - делінген мәліметте.</span>