Қазақстандық спортшы UFC файтерінің лигасында жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық файтер Серікбай Ходжабаев (11-6) UFC файтері Махмуд Мурадовтың кәсіпқой лигасымен (MPL) келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз аталған промоушендағы дебютін 21 мамырда өткізеді.
Ходжабаевтың қарсыласы «өзбек Коноры» лақап аты бар Бахромджон Машрапов (4-2) болады.
Бұл туралы лига әлеуметтік желідегі парақшасында ресми мәлімдеді. «MPL-5 турнирінде өтетін аралас салмақтағы жекпе-жек», деп жазды.
Кеш Қоқан қаласында (Өзбекстан) өтеді. Шоуда Ходжабаевтан басқа тағы екі қазақстандық өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или