Волейболдан Қазақстан чемпионатында «Атырау» командасы жеңімпаз атанды
<span>Бүгін Таразда ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХ Қазақстан чемпионаты мәреге жетті</span><span>. </span>
<span>Биыл алтын жүлдені «Атырау» мен «Есіл» (СҚО) командалары сарапқа салды. Виктор Козик жаттықтыратын атыраулықтар кеше бірінші ойында «Есілді» 3:1 есебімен тізе бүктірген еді. </span>
<span>Бүгін де «Атырау» чемпионға тән ойын өрнегін көрсетіп, қарсыласын 25:17, 25:17, 25:21 есебімен (3:0) ұтты. Осылайша атыраулықтар чемпиондық тұғырға көтерілсе, солтүстікқазақстандықтар күміс жүлдені қанағат тұтты.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или