Артем Резниковтің келесі жекпе-жегі кашан өтетіні белгілі болды

Артем Резниковтің келесі жекпе-жегі кашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық файтер Артем Резников (22-6) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 жастағы файтер 17 маусымда Сочиде өтетін ACA 140 турнирінде өнер көрсетіп, жеңіл салмақтағы ACA Гран-приіне (70,3 келі) қатысады. Резниковтің қарсыласы бразилиялық Дави Рамос (10-4) болады. Қазақстандық спортшы Гран-придің ширек финалында өнер көрсетеді, финалда жеңімпаз 1 миллион доллар алады.

Жекпе-жек 17 маусымда Сочидегі RED ARENA-да өтеді.

Резников кейінгі рет 2020 жылдың қыркүйегінде Мәскеудегі ACA 111 турнирінде өнер көрсеткен. Ресей астанасында Резников бұрынғы ACB чемпионы Юсуф Раисовты төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Раисов Хакран Диасты жеңіп, Гран-при турнирінің жартылай финалына шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или