Семейде волейболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионаты өтеді

Семейде волейболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионаты өтеді

Семей қаласында биыл волейболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионаты өтеді.

<span>24 сәуір мен 1 мамыр аралығында Семей волейболдан әйелдер командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатын қабылдайды. </span>

<span>«Қарағайлы шағын ауданындағы «Арена» мәдени-спорт кешенінде өтетін додаға әйелдер арасындағы волейболдан сары құрлықтың ең үздік 6 командасы қатыспақ. Чемпионат аясында Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан және Иран елдерінің командалары өзара мықтыны анықтайды», - делінген мәліметте. </span>

<span>Еліміздің намысын шығысқазақстандық «Алтай» және Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш» клубтары қорғайтын болады. </span>

<span>Айта кетейік, кәсіби клубтар арасындағы волейболдан қазіргі Азия чемпионы шығысқазақстандық команда. Байрақты бәсекеде топ жарған «Алтай» волейбол клубы өткен жылы финалда алаң иелері таиландтық Nakhon Ratchasima QminC командасын 3:0 есебімен жеңген болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или