Дамир Исмағұлов UFC аясындағы келесі жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Дамир Исмағұлов UFC аясындағы келесі жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Ресейдің атынан өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Дамир Исмағұлов ММА әлеміндегі жетекші промоушен – Ultimate Fighting Championship (UFC) аясында өтетін кезекті жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Айқас болатын күн мен қарсылас белгілі! Алда қиын жұмыс! Барлығын жақын арада жариялаймыз! – деп жазды 31 жастағы спортшы Instagram парақшасында.

Еске салайық, Дамир Исмағұлов бұған дейінгі жекпе-жегін 2021 жылы 22 мамырда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткізіп, бразилиялық Рафаэль Алвесті ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или