Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионаты алдында Қазақстан құрамасы жолдастық кездесулер өткізеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі tvnet.lv сайтына сілтеме жасап.
Латвия астанасында қазақстандық хоккейшілер Euro Ice Hockey Challenge турнирі аясында сәуір айының соңында осы елдің құрамасымен екі бақылау матчын өткізеді.
Әлем чемпионатының өзі 13-29 мамыр аралығында Финляндияда өтеді. «А» тобында Қазақстанмен Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Италия және Франция командалары күш сынасады.
<span>Фото icehockey.kz</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или