Ресейлік файтер зорлық-зомбылық бабы бойынша айыпталды

Ресейлік файтер зорлық-зомбылық бабы бойынша айыпталды

Аралас жекпе-жектен ресейлік файтер Максим Новоселов қыз зорлады деп айыпталуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, түнде полицияға 18 жастағы қыз телефон соғып, клубтардың бірінде ер адамдармен кездескенін айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, оны досымен бірге белгісіз жаққа алып кеткен. Арада 30 минут өткен соң, Пятницкое тас жолында жол полициясының қызметкерлері Nissan көлігін тоқтатты. Қазір барлық күдіктілер полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Еске салайық, жақында Новоселов аралас жекпе-жек файтері Макс «Балта» Щербаковпен жекпе-жек өткізіп, оны нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или