Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыз құрамасы 2-орын алды
<span>Алматы қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында гандболдан Азия чемпионатында қазақстандықтар екінші орын алды.</span>
<span>Құрлықтық додада барлығы бес құрама сынға түсті. Олардың қатарында Иран, Өзбекстан, Қазақстан, Үндістан және Сирия құрамалары бар. Қазақстандық гандболшылар төртінші кездесуде Өзбекстанды 31:29 есебімен тізе бүктірді.</span>
Одан бұрын Сириядан 32:14, Үндістаннан 28:21 есебімен басым түскен еді. Ал алғашқы кездесуде Иранға 19:20 есебімен жол беріп қойды.
<span>Нәтижесінде бірінші орын сегіз ұпаймен ирандық қыздарға бұйырса, алты ұпаймен қазақстандық гандболшылар екінші орынға табан тіреді. Одан кейінгі орындарға Өзбекстан, Үндістан және Сирия қыздары ілікті.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или