Гойти Дазаев жекпе-жекке шығатын AMC Fight Nights 110 турнирінің тікелей трансляциясы
25 наурызда Астраханьда аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights 110 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде қазақстандық Гойти Дазаев (10-3-1) ресейлік Олег Косиновпен (11-5) күш сынасады.
Кештің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы чемпион атағы үшін ресейлік файтерлер Григорий Пономарев (4-1) пен Юсуп Шуаев (6-0-1) кездеседі.
AMC Fight Nights 110 турнирінің тікелей трансляциясын «Матч ТВ» сайтында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:30-да (шектеулер болуы мүмкін) мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.
Сонымен қатар, кешті «Боец» (Нұр-Сұлтан уақытымен 20:30-дан бастап), «Матч ТВ» және «Матч Планета» (Нұр-Сұлтан уақытымен 23:30-дан бастап) телеарналары көрсетеді.
Фото instagram.com/fightnights