OCTAGON-ның 22 жастағы чемпионы карьерасындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді

OCTAGON-ның 22 жастағы чемпионы карьерасындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді

Алматыдағы OCTAGON<span> </span>29 турнирі басты кардының алғашқы жекпе-жегінде аса жеңіл салмақта ұйым чемпионы қазақстандық Анастасия Дюжикова (5-0) карьерасындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz. 

Дюжикова панкратионнан Әзербайжан чемпионы, 26 жастағы Гумру Ганбарованы (1-1) сенімді жеңді. Қазақстандық файтер төрешілер шешімімен басым түсті. 

Еске салайық, кештің басты жекпе-жегінде Самбет Найманбаев (4-4) пен Шермұрат Калилов (3-0) ұйымның жартылай жеңіл салмақтағы чемпионын анықтайды. 

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или