OCTAGON 29 турнирінің тікелей трансляциясы
Бүгін, 24 наурызда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында OCTAGON промоушені ұйымдастырған O29 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Кеш 14 жекпе-жектен тұрады. Басты жекпе-жекте Самбет Найманбаев (4-4) пен Шермурат Қалилов (3-0) ұйымның жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын сарапқа салады.
Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталады. Оны OCTAGON TV тікелей эфиде көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или