Гандбол: Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Үндістаннан басым түсті
Алматыда гандболдан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әйелдер арасындағы 9-шы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Үндістанмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 28:21 есебімен қазақстандық қыздардың жеңісімен аяқталды. Өкінішке қарай, турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екінші орыннан жоғары көтеріле алмайды.
Үндістан-Қазақстан кездесуі алдында Сирия мен Иран құрамалары арасында ойын өтті. 36:21 есебімен жеңіске жеткен ирандық қыздар төрт кездесуде төртінші жеңіске жетіп, мерзімінен бұрын бірінші орын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или