Танымал қазақстандық файтер өз спорт залын ашуды жоспарлап жүр

Танымал қазақстандық файтер өз спорт залын ашуды жоспарлап жүр

Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Асу Алмабаев Instagram парақшасында жеке жаттығу залын ашқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлеуметтік желіде жазылушылардың бірі оған мынадай сұрақ қойды: «Сіздің жеке жаттығу залыңызды ашу туралы ойыңыз бар ма?» деген сұраққа қазақстандық спортшы: «Ой бар, инвестор табуымыз керек» деп жауап берді.

Еске сала кетейік, Алмабаев танымал Brave CF MMA промоушенінде өнер көрсетіп жүр. Бахрейндегі кейінгі Brave 57 турнирінде Әзірбайжан өкілі Имран Магарамовты ұтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или