Шайбалы хоккейден ӘЧ: Құрамалар тізіміне өзгерістер енгізілді
Шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамалар тізіміне өзгерістер енгізілді. Бұл жөнінде Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) мәлім етті.
Айта кетсек, бұдан бұрын Украинадағы жағдайға байланысты Ресей мен Беларусь құрамалары аталған жарыстан шеттетілген еді.
Әлем чемпионатында Қазақстан хоккейшілері сынға түсетін А тобына Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания және Италия құрамалары қатарына Франция қосылды.
Ал В тобындағы Беларусь құрамасын Австрия алмастырды. Сондай-ақ, бұл топта Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или