«Алтай» волейболдан Қазақстан чемпионы атанды

«Алтай» волейболдан Қазақстан чемпионы атанды

Талдықорғанда волейболдан жергілікті «Жетісу» мен өскемендік «Алтай» арасында әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық сериясы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шығысқазақстандық волейболшылар «Жетісуды» екінші ойында 3:0 (25:19, 25:16, 25:18) есебімен жеңді. «Алтай» серияда 2:0 есебімен жеңіске жетті (бірінші кездесуде 3:1 есебімен жеңген).

Осылайша, «Алтай» екінші рет қатарынан және кейінгі алты жылда бесінші рет ел чемпионы атанды.

Волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының қорытындысы:

1. «Алтай» (Өскемен)
2. «Жетісу» (Алматы облысы)
3. «Қуаныш» (Солтүстік Қазақстан облысы)
4. «Алматы»
5. «Қарағанды»
6. «Айқаракөз» (Алматы облысы)
7. «Ертіс» (Павлодар)
8. «Алтай-2» (Өскемен)
9. «Ару-Астана» (Нұр-Сұлтан)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или