Гандболдан жасөспірім қыздар арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті
Алматы қаласында гандболдан жасөспірім қыздар арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті.
Құрлықтық додаға барлығы бес құрама қатысты. Олардың қатарында Қазақстаннан өзге Үндістан, Иран, Өзбекстан және Таиланд құрамалары болды. Төртінші ойында Қазақстан құрамасы Өзбекстан қыздарын 29:22 есебімен тізе бүктірді.
Бұған дейін Қазақстан қыздары Таиланд (28:20) және Иран (30:24) құрамаларын жеңді. Бүгін Үндістанға 21:29 есебімен жол беріп қойды.
Осылайша қазақстандық гандболшылар 6 ұпаймен екінші орынды місе тұтты. Дәл осындай ұпай жинаған Үндістан ұпай айырмасымен бірінші орын алса, Иран үздік үштікті түйіндеді.
Нәтижесінде әлем чемпионатына Үндістан жолдама алды. Қазақстан қыздары құрлықтық додада бұған дейін бір мәрте күміс (2007 жыл), үш мәрте қола (1998, 2011, 2015 жыл) жүлдегер атанды.
Құрлықтық додада жеңімпаз атанған құрама әлем чемпионатына жолдама алады.