Баскетболдан «Тұран» ел кубогын жеңіп алды
<span>Ақмола облысында баскетболдан әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогі сарапқа салынды. </span>
<span>Түркістан облысының намысын қорғаған «Тұран» спорт ойын түрлері клубының баскетбол командасы өз тарихында тұңғыш рет ел кубогінің иегері атанды.</span>
<span>Құрылғанына көп уақыт өте қоймаған команда үшін бұл – тамаша жетістік. Команданың бас бапкері Ғалия Мамахан жоғары нәтижеге жетуге жағдай жасаған облыс басшылығына, клуб басшысы Сабыржан Бұлдырықовқа, түркістандық жанкүйерлерге алғысын білдірді.</span>
<span>Естеріңізге сала кетейік, биыл «Тұран» командасының баскетболшы арулары ҚР Ұлттық лигасында өнер көрсетуде. Жалпы, баскетболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лигада елімізден 8 команда қатысып, чемпиондық атаққа таласуда. Бүгінгі таңда 4-тур ойындары аяқталып, түркістандық баскетболшы қыздар 1-орында келе жатыр.</span>