Паралимпиада: Александр Герлиц шаңғы жарысында 5-інші болды

Паралимпиада: Александр Герлиц шаңғы жарысында 5-інші болды

Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Александр Герлиц 10 шақырымға шаңғымен тұрып жарысуда мәреге 5-інші болып келді.

Герлиц мәреге алғашқы болып жеткен қытайлық Ван Чэньяннан 2 минут 3,2 секундқа қалып қойды. Екінші орын француз Б.Давиетке, үшінші орын қытайлық Цай Цзюньге бұйырды.

Айта кетейік, бүгін шаңғымен жекелей жарыстардың соңғы күні. Чжанцзякоу елді мекенінде әйелдер және ерлер арасында медальдардың 6 жиынтығы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или