Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Дэвис кубогы рейтингісіндегі көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құрама 13-орыннан 9-сатыға көтерілді. Осылайша Қазақстан құрамасы үздік ондыққа кірді. Бұл Дэвис кубогы іріктеу кезеңінде Норвегия құрамасын жеңуі арқасында мүмкін болды. Сөйтіп әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған еді.

Дэвис кубогының финалдық кезеңі биыл қыркүйек айында, плей-офф бәсекелері қарашада өтеді. Финал мен плей-офф ойындары болатын қалалар наурыздың аяғы не сәуірдің басында анықталады.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202203/203991_1c9c190aadf672506bd0d21ddab49988.png" /></picture>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или