Гандболдан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан Иранды жеңді
Алматыда жасөспірім қыздар арасындағы гандболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 30:24 есебімен қазақстандық команданың жеңісімен аяқталды.
Екінші ойын күнінің тағы бір кездесуінде Үндістан құрамасы Өзбекстан құрамасын 32:31 есебімен ұтты.
Екі күнге созылған бәсекенің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екі кездесуде екі жеңісімен дара көш бастап тұр. Бір кездесу өткізген Үндістан құрамасының қоржынында бір жеңіс. Тайланд, Өзбекстан және Иран командалары алғашқы матчта жеңіліс тапты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или