«Он күн өтті». Әлімханұлы Мунгияға қарсы жекпе-жек туралы тағы бір мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Хайме Мунгияға (39-0, 31 КО) қарсы жекпе-жек туралы хабарды әлі күтіп жүр, деп жазадыды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшы твиттер желісіндегі парақшасында кездесуді келісуге берілген он күн өткенін еске салды.
«Он күн өтті. Жаңалық күтіп жүрміз, кездесуді ұйымдастырайық. Қазақ стилі мен мексикалық стиль. Жәнібек vs. Мунгия!», — деп жазды Әлімханұлы.
Айта кетейік, Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлы мен Мунгия арасында орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынып, тараптардың келісуіне 10 күн берген.
10 days have already passed. Waiting for news, let's do it. Qazaq style vs Mexican style. Janibek vs Munguia! @BobArum @PacoValcarcel @CarlMoretti @KlimasBoxing
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) March 7, 2022