Әлімханұлы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Әлімханұлы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) арасындағы орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионаты комитеті тараптарға Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасында жоғарыда аталған жекпе-жек бойынша келіссөздерді бастауды бұйырғанын ескертеміз. Тараптарға келісімге келу үшін 10 күн уақыт беріледі. Егер осы құжатта көрсетілген мерзімде келісімге келе алмаса, WBO ережесіне сәйкес <span>промоутерлік сауда рәсімі жарияланады</span>.

Орта салмақта ең төменгі жарамды ұсыныс 200 000,00 доллар (екі жүз мың доллар). Қатысушы тараптардың кез келгені келіссөз барысында қалаған уақытында <span>промоутерлік сауданы бастауды </span>сұрай алады.

Ресми хат Әлімханұлының мүддесін қорғайтын Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мен Мунгия ісін жүргізетін менеджер Эрик Гомеске (Golden Boy Promotions) бағытталған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или