UFC 272: Ковингтон басты жекпе-жекте Масвидальді жеңді

UFC 272: Ковингтон басты жекпе-жекте Масвидальді жеңді

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC 272 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы рейтингте бірінші және алтыншы орында тұрған америкалық Колби Ковингтон мен Хорхе Масвидаль кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу толық бес раундқа жалғасып, Ковингтон басымдылық тантты. Бұған статистика дәлел: жалпы соққылар саны 222:83, қуатты соққылар саны 106:63, тейкдаун бойынша 6:0.

Төрешілердің бірауыздан жеңісті Колбиге берді. Есеп – 49:46 50:44, 50:45.

Осылайша, Колби Ковингтон мансабындағы 17-жеңісіне қол жеткізді, ол үш рет жеңілген (UFC-де 12 жеңіс, 3 жеңіліс). Ал Масвидальдің кәсіби рекорды 35 жеңіс, 16 жеңіліс (UFC-де 12 жеңіс, 9 жеңіліс).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или