Қазақстандық Сергей Зубков Naiza FC 37 турнирінде ресейлікті жеңді
Бүгін Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza FC 37 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің екінші маңызды жекпе-жегінде қазақстандық Сергей Зубков (3-4) пен новосібірлік ресейлік Илья Гуненко (11-12) кездесті.
Үш раундқа есептелген ауыр салмақтағы жекпе-жек бірінші раундында Зубков техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Сергей Зубков мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.
Еске салайық, кештің басты жекпе-жегінде NFC жартылай орта салмақтағы бос титулды қазақстандық Серік Разғалиев пен бразилиялық Дуглас Де Оливейра сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или