UFC 272 турнирінің тікелей трансляциясы

UFC 272 турнирінің тікелей трансляциясы

6 наурыз күні таңертең Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 272 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ru.ufc.com сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алдын ала кардында қазақстандық Мария Агапова өзінің төртінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы украиналық Марина Мороз болады. 

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінің бірінші және алтыншы нөмірлері америкалық Колби Ковингтон мен Хорхе Масвидаль кездеседі.

Бастапқы кард Нұр-сұлтан уақытымен 05:00-де, алдын ала кард 07:00-де, негізгі кард 09:00-де басталады.

Турнирдің тікелей трансляциясын <span>UFC Fight Pass</span> бейнесервисіне тіркелу арқылы көруге болады. Қазақстан, Қырғызстан, сондай-ақ Грузия, Беларусь Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения, Әзербайжан, Молдова және Украинада жарыстарты Setanta Sports арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ресейде турнирді бастапқы кардынан бастап <span>МАТЧ! Боец</span> арнасынан немесе <span>Sprotbox.ru</span> медиа порталынан көруге болады. Бастапқы және негізгі кардтың жекпе-жегі <span>«МАТЧ ТВ»</span> арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Фото Zuffa LLC

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или