«Айсұлу» Еуропа лигасында словакиялық команданы жеңді
Алматылық «Айсұлу» Еуропа әйелдер хоккей лигасы (EWHL) тұрақты маусымы аясында словакиялық «СКП Братиславаны» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында алматылық команда 5:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осы жеңісінің арқасында «Айсұлу» 12 кездесуде 29 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді. Алматылықтар EWHL аясындағы келесі матчын 5 наурызда Венгрияның «КМХ Будапешт» командасына қарсы өткізеді.
«СКП Братислава» (Словакия) – «Айсұлу» (Алматы, Қазақстан) 2:5 (2:2, 0:1, 0:2)
0:1 – Риу (Алдабергенова) – 00:47
1:1 – Коренкова (Фанцовицова, Лешковянска) – 04:52
2:1 – Галушкова – 12:01
2:2 – Турсынова (Алдабергенова, Юзкова) – 14:33
2:3 – Броуд (Маклин) – 27:36
2:4 – Турсынова (Королева) – 45:55
2:5 – Алдабергенова – 49:27
Қақпашылар: Мачкова – Щеколова.