«Тұран» баскетболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогын жеңіп алды

«Тұран» баскетболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогын жеңіп алды

Щучинск қаласында баскетболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан кубогының шешуші матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орын үшін өткен ойында түркістандық «Тұран» елордалық «Нұр-Сұлтан Тайгерс» командасын 73:64 есебімен ұтып, тарихта тұңғыш рет Қазақстан кубогының иегері атанды.

«Тұран» (Түркістан обл.) – «Нұр-Сұлтан Тайгерс» (Нұр-Сұлтан) 73:64 (22:15, 22:19, 11:26, 18:4)

Үшінші орын үшін өткен кездесуде павлодарлық «Ертіс» Ақмола облысының «Оқжетпесінен» басым түсті. Есеп – 76:53.

«Ертіс» (Павлодар) – «Оқжетпес» (Акмола обл.) 76:53 (23:10, 14:11, 15:14, 24:18)

Турнирдің үздік ойыншылары:

Залина Куразова – «Тұран», Түркістан облысы
Анна Безгодова - «Нұр-Сұлтан Тайгерс», Нұр-Сұлтан
Валерия Капитонова – «Ертіс», Павлодар
Камила Аманжолова – «Оқжетпес», Ақмола облысы
Дарья Королева - «Нұр-Сұлтан Тайгерс», Нұр-Сұлтан.

Фото nbf.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или