Агапованың UFC-дегі төртінші жекпе-жегі басталатын уақыт анықталды
Қазақстандық файтер Мария Агапова (10-2) UFC-дегі төртінші жекпе-жегін 6 наурызда өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Отандасымыз Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 272 турнирі аясында октагонға шығады. Қарсыласы - украиналық Марина Мороз (10-3).
Бұл жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де басталатын алғашқы кардтың бірінші жұбы болып бекітілген.
Айта кетейік, Мария Агапова бұған дейін UFC-де үш жекпе-жек өткізді. Оның екеуінде жеңіске жетіп, бір рет жеңіліп қалды. Ал Мороз сегіз жекпе-жек өткізіп, бес рет жеңіске жетті, үш мәрте жеңілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или