ҚХЛ плэй-офф кезеңі басталды. «Металлург» Мг – «Барыс» матчын қайдан көруге болады?

ҚХЛ плэй-офф кезеңі басталды. «Металлург» Мг – «Барыс» матчын қайдан көруге болады?

1 наурызда Магнитогорскіде 2022 жылғы Гагарин кубогының 1/8 финалы аясында жергілікті «Металлург» пен елордалық «Барыс» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Металлург» тұрақты чемпионаттың жеңімпазы атанып, Шығыс конференциясында 8-орын алған «Барыстан» 23 ұпайға озып кеткен болатын. Бірақ елордалықтар ресейлік командаға күш көрсетуге қауқарлы – қыркүйекте магнитгорскіліктер екі рет (2:1 және 4:3) жеңсе, биыл «Барыс» екі рет басым түскен – 3:2 және 4:3 ОТ. Яғни қазақстандық ұжымның жанкүйерлері бұл серияда жеңіс күтетіні анық.

«Металлург» Мг – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:50-де басталады. Кездесуді Qazsport, KHL Prime және «Матч-ТВ» телеарналары көрсетеді. Сондай-ақ ойынды тікелей эфирде «Барыс» сайты мен телефондағы қосымшасынан көруге болады.

Фото metallurg.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или